Аймақ

 Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде журналистика мамандығы бойынша жоғарғы оқу орындарының студенттері арасында Х республикалық пән олимпиадасы өтуде.

Толығырақ...

 Кеше облыс әкімі Асқар Мырзахметов Меркі ауданында жұмыс сапарымен болып, өңірдегі бірқатар әлеуметтік-экономикалық нысандардың жағдайымен танысты.

Толығырақ...

 Бүгін облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев Меркі ауданына жұмыс сапарымен барды.

Толығырақ...

 Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Солтүстіктің кей жерлерінде тұман түседі деп күтілуде, жекелеген аудандарда бұршақ жаууы мүмкін.

 Қазгидрометтің мәліметінше, Атырау, Ақтөбе, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кейбір аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады. Ақмола облысын түнде және таңертең тұман басады, жел соғып, бұршақ түсуі ықтимал.

 Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жауады деп күтілуде, тұман түседі. Павлодар облысында жел тұрып, тұман түседі. Қарағанды, Шығыс Қазақстан өңірлерінде жел күшейіп, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Жамбыл облысында таңертең және күндіз кей жерлерде жел соғып, бұршақ жаууы ықтимал, тұман түседі.

 Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Жамбыл, сондай-ақ Қарағанды облысының кей жерлерінде аптап ыстық болады. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей аймағында жоғары өрт қаупі сақталады.