Мемлекет басшысы бағалау қызметін реттеу жүйесін жетілдіруге бағытталған және өзге де бірқатар заңдарға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы бағалау қызметін реттеу жүйесін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, заңнаманы «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», жәбірленушілерге өтемақы қорынан біржолғы ақша төлеу арқылы қылмыстардан зардап шеккен тұлғаларға материалдық көмек көрсетудің құқықтық негіздерін жасауға бағытталған «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы», «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына бірқатар заңнамалық актілерді сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Жәбірленушілерге өтемақы қоры мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.