Ақ орда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы зияткерлік мектепке барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Елбасы мектептің оқу сыныптарын, спорт залын, шығармашылық және ғылыми-зерттеу жұмыстары көрмесін аралап көрді.
Нұрсұлтан Назарбаев оқушылармен әңгімелесіп, оларға табыс тіледі және оқуда үздік нәтижеге жетулеріне ниеттестігін білдірді.
Мектепте 202 педагог маман, соның ішінде 125 мұғалім, 16 куратор, 8 тәрбиеші және 17 шетелдік қызметкер оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізеді.

Қазақстан Президенті еліміздегі барша әйелдерді келе жатқан 8 наурыз – халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

Толығырақ...

Бүгін елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алғыс айту күніне арналған іс-шараға қатысып, барша Қазақстан халқын мерекемен құттықтады.

Толығырақ...

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Толығырақ...