Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сәрсенбі күнгі сауда-саттықтың таңғы сессиясында теңгенің АҚШ долларына қатысты орташа бағамы 321,51 теңгені құрады.

Сейсенбі күнгі сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 1,91 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі бағам 1 долларға 321,06 теңге деңгейінде болса, ең жоғары курс 322,5 теңгені көрсеткен. Сауда көлемі 96,35 млн долларды құраған.

Сейсенбі күні доллардың курсы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 323,42 теңге, күндізгі сессияда 322,93 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 323,2 теңге болған. Сауда көлемі 179,65 млн долларды құраған.