ҚазАқпарат - Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларындағы сәрсенбі күнгі сауда-саттықта мұнай бағасы көтерілді.

Лондонның ICE Futures биржасында наурыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,03 долларға қымбаттап, бір баррель мұнайдың бағасы 69,05 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың наурыз айында жеткізілетін фьючерстері 0,23 долларға қымбаттап, бір баррельдің бағасы 64,73 доллар болды.