Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларындағы сейсенбі күнгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша, мұнай бағасы әртүрлі бағытта өзгерді.

Сауда-саттық нәтижесінде, тамыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы Лондонның ICE Futures биржасында 0,58 долларға төмендеп, барреліне 75,88 долларды құрады.

WTI маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстерінің құны Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 0,26 долларға өсіп, баррелі 66,36 доллар болды.