АСТАНА. ҚазАқпарат - «Astana Taxi» бірыңғай қызметі ««Қайырымды сапар»» атты әлеуметтік науқанды бастады. Акция бойынша елордада 11 автокөлік жолаушыларды тегін таситын болады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Жолаушыларға таксомоторлық компания есебінен қызмет көрсетілмек.

«Науқан қала тұрғындары мен меймандарына арналған. Жүргізушілер қала ішінде жүріп, тоқтап, адамдарға тегін такси қызметін ұсынады.

Акция барысында көбінесе бала ұстаған және егде кісілерге баса назар аударылады», - деп хабарлайды «Astana Taxi» компаниясының баспасөз қызметі. Акция 24-25 қаңтар аралығында сағат 8.00-ден 19.00-ге дейін жалғасады. Іс-шараға алты таксомотор компаниясы қатысады.

«Акциямызға барлық кәсіпкерлер мен бизнес-қауымдастықтарды осындай қиын кезеңде қалыс қалмауға шақырамыз», - дейді.