«Қазгидромет» РМК 2018 жылғы 13-15 наурызға ауа райы болжамын жариялады.

Республика облыстарының басым бөлігі алдағы үш күнде биіктік циклонының және соған байланысты ауа ағындарының ықпалында болады. Қазақстан аумағы арқылы қозғалған ауа ағындарынан республиканың солтүстік жартысында қар, оңтүстіктігінде жаңбыр жауады, сондай-ақ тұман түсіп, ауа температурасы төмендейді, көктайғақ болады. Батыс және солтүстік облыстарда ауа температурасы қазірдің өзінде климаттық нормадан 3-7°С төмен, ал ауа ағындарының алмасуына байланысты қалған өңірлерде де күн суытады.

12-14 наурыз күндері Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында негізінен жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер жауын құяды. Бұл мұздардың еруіне, өзендердің арнасынан тасуына әкеп соқтыруы мүмкін.

Спутниктен түсірілген суреттерге қарағанда, 2018 жылғы 10 наурызда қар жамылғысы Алматы облысы аумағының 22%-ын, Жамбыл обласында 3%-ды, Оңтүстік Қазақстан облысында 3%-да құрайды.

12-13 наурызда Қызылорда облысында Сырдария өзеніндегі мұз одан әрі еріп, сең бууы салдарынан су өзен арнасынан тасып, шабындықтарға жайылуы мүмкін.