000000000000000000000000000000000000000000000000098 

 Бүгін облыстың барлық мектептерінде мектеп бітірушілер үшін «соңғы қоңырау» соғылды.

Соның бірі Тараз қалалық №1 мектеп-гимназияда өткізілген «Соңғы қоңырау» салтанатына облыс әкімі Асқар Мырзахметов пен қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымов қатысып, оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады.

«Бүгінгі жас түлектер-ертеңгі ел тұтқасын ұстар маман иелері. Барша жас түлектерді алда үлкен сын күтіп тұр. Мектеп бітіруші білімді, дарынды, жалынды жастарға ақ жол, сәт сапар тілеймін, болашақта Қазақстанның озық 30 елдің қатарына кіруіне бүгінгі білімді ұрпақ үлес қосуы тиіс», – деп атап өтті облыс әкімі Асқар Мырзахметов.

Салтанат соңында мектеп бітіруші жас түлектер бірінші сынып оқушыларының қолдарынан ұстап, соңғы қоңырау соқты. Бұл салтанат мектеп бітірушілердің жадында ұзақ сақталатыны сөзсіз.

Айта кететін жайт, биыл Жамбыл облысында 9611 оқушы мектеп бітіргелі отыр. Олардың ішінде 241 оқушы «Алтын белгіге» және 194-і үздік аттестатқа үміткер.