Үй салған кезде ХҚКО-ға барып, аз уақыт ішінде тиісті құжаттар алуға болады. Әділет министрлігі атқарып келген жылжымайтын мүлікті тіркеу қызметі жақында “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының құзырына өтеді. Қазір мемлекеттік корпорацияда мамандар оқудан өтіп, осы қызметті ұсыну бойынша басқа да дайындық жұмыстары жүріп жатыр, – деп хабарлайды.

Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу бойынша функция мемлекеттік корпорацияға берілсе, қызмет көрсету мерзімі мен тіркеу барысындағы шығын азайып, сондай-ақ қызметтерді кешенді түрде алуға мүмкіндік туады. Бұл өз кезегінде әкімшілік кедергілерді жойып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға септігін тигізбек.

Яғни, қазір азамат жеке баспана салған кезде пайдалануға беру акті негізінде мемлекеттік корпорация арқылы құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне сәйкестендіру мәліметтерін енгізеді. Мәліметтерді жүйеге енгізген соң бір жұмыс күнінен кейін меншік құқығын тіркеу үшін осы құжаттарды қайта тапсырады. Функциялар корпорацияға берілген кезде осы екі қызмет ХҚКО арқылы бір өтінішпен атқарылатын болады.