Қоғам

 Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қоғамдық келісім кеңестерінің маңыздылығын ерекше атап өтті. Бүгінгі күні бұл кеңестер жалпыұлттық әмбебап пікірталас алаңына айналып үлгерген. Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы - қоғамдық келісім кеңесінің ҚХА жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Сондай-ақ, олар ассамблеяның жұмысында маңызды істермен айналысады. Мәселен, бүгінде кеңестің бастамасымен 500-ден астам іс-шара ұйымдастырылған. Өңірде облыстық, қалалық, аудандық және ауылдық деңгейдегі 175 қоғамдық келісім кеңесі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге атсалысып келеді.

Толығырақ...

 Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» кітабы Әзербайжан тілінде латын әліпбиінде басылып шыққан алғашқы кітап. Бұл туралы кітаптың тұсаукесерінде ҚР Президенті Кеңсесінің бастығы Махмұд Қасымбек мәлімдеді.

Толығырақ...

 2017 жылғы 12 желтоқсанда барлық БЖЗҚ филиалдарында биыл төртінші рет Ашық есік күні өтеді. Бұл жолы салымшылар үшін өзекті әрі маңызды мәселе зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттің беретін кепілдігі туралы тақырып төңірегінде өрбімек.

Толығырақ...

 Елордада желтоқсандағы мерекеге орай қаланы безендіру тәртібі бекітілді. Соған сәйкес Жаңа жылға дайындық Тәуелсіздік күнін мерекелегеннен кейін басталады. Бұл туралы Астана әкімі Әсет Исекешев қалалық әкімдікте өткен аппарат жиналысында мәлімдеді деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Толығырақ...