Қоғам

 2017 жылдың 16-18 қарашасы аралығында республика облыстарының басым бөлігінде сулы қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Толығырақ...

 Бүгінгі таңда латын жазуы әлемнің ақпараттық, ғылыми және технологиялық салаларының алдыңғы қатарлы әліпбиі болып табылады. Осы орайда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қазақ әлiпбиiн кириллицадан латын графикасына көшiру туралы Жарлығы тәуелсiз елiмiздегi ең басты оқиғалардың бiрiне айналып отыр. Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы латын әлiпбиiне көшу – Қазақ елiнiң рухани жаңғыруындағы жаңа қадам екенiн терең түсiнiстiкпен қабылдап, барынша қолдауда. Бұған Жарлыққа қол қойылған күннен бастап өткізіп жатқан іс-шаралары мен тебiренiстi лебiздер айқын дәлел. Сондай шараның бірі М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетімен бірлесе отырып өткізген «Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру – Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа интеграциялануының басты факторы» атты оңтүстік аймақтық ғылыми-әдістемелік конференциясы.

Толығырақ...

 Қазақстан Республикасы – 130-дан астам ұлт өкілдері тұратын көп этносты мемлекет. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының салиқалы саясатының арқасында кез келген ұлт өз ана тілінде сөйлеуге, өзінің тілі, салт-дәстүрі мен мәдениетін дамытуға құқылы. Өзге ұлттардың мәдениетін құрметтей отырып, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру мүмкіндігіне ие. Бүгінде әр ұлт төл мәдениетін сақтап, оны өзге халықтарға танытып жүр. Солардың бірі – кәріс халқы. Биыл кәрістердің Қазақстанға қоныс аударылғанына 80 жыл толып отыр. Осыған орай достық үйінде облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ мен Жамбыл облысы «КОРЁ» кәрістер қауымдастығының ұйымдастыруымен этнос күні аталып өтті.

Толығырақ...

 Синоптиктер биыл Қазақстанда қыс ерте түседі және қарлы болады деп болжап отыр. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Толығырақ...