Анкара-Трабзон рейсімен ұшқан "Боинг 737-800" жолаушы ұшағы 14 қаңтарда әуежайда апатқа ұшырады деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Лайнар қону жолағынан шығып кетіп, биік жағалауда теңізге бірнеше метр қалғанда әзер тоқтаған.

Pegasus Airlines компаниясына тиесілі ұшақта 168 жолаушы және экипаж мүшелері болған.

Оқиғадан ешкім зардап шекпеген апат себептері тексеріліп жатыр.

Анатолы мемлекеттік агенттігінің хабарлауынша, жолаушылар дүрбелеңін экипаж мүшелері баса алмаған.