Мәскеу түбіндегі Раменск ауданында 72 адам мінген жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады деп хабарлайды Риа Новости порталы.

Хабарлама куәгерлерден келіп түскен.

Төтенше жағдайлар комитетіндегі дереккөздің хабарлауынша, Саратов әуе компаниясының «Ан-148» ұшағы Мәскеудің «Домодедово» әуежайынан ұшып шығыпты.

Әуе кемесінің бортында 65 жолаушы мен экипаждың алты мүшесі бар. Әуежайдан ұшып кеткеннен кейін екі минуттан соң ұшақ радардан жоғалған.

Кейінірек дереккөздер құлаған ұшақтың табылғанын хабарлады.

«Ұшақ Раменск ауданында жатыр, құтқарушылар әлі жеткен жоқ», - деді агенттік өкілі. Оның айтуынша, лайнер ауадан көрінген.

Ұшақтардың қозғалысын қадағалайтын Flightradar24 порталының мәліметінше, сағат 14:26-дан кейін Ан-148 жылдамдығы күрт түсіп кеткен.

Зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы мәлімет әзірге жоқ.