Samsung компаниясы жаңа сматфондарына су өтпейді деп жарнама жасаған болатын. Алайда, жүргізілген тәжірибе барысында бұл фактінің шындыққа жанаспайтыны мәлім болды, деп хабарлайды BBC агенттігі.

 Сынақ жүргізушілер жаңа Samsung Galaxy S7 Active телефонын тереңдігі бір жарым метр болатын акваруимге салған. Жарты сағат өткен соң, аппарат судан шығарылған. Бірақ, смартфон экранында жасыл сызықтар пайда болып, ұялы телефон мүлдем жұмыс істемей қалған.

 Consumer Reports сайты аталмыш тәжірибені қайталап көреді. Бірақ одан да ештеңе шықпаған. Сондай-ақ, Samsung компаниясының өкілдері жоғарыда аталған смартфонның белгіленген талаптарға сай келмегендігін айтқан.

 Ал «Samsung» компаниясының ресми сайтында жаңа Galaxy S7 Active смартфоны халықаралық талаптарға сай судан IP68 дәрежесінде қорғана алатындығы жазылған. Бұл ұялы телефон су астында ұзақ жұмыс істей алады деген сөз.

 Айт кетейік, коммерциялық емес Consumer Reports сайты осыдан 6 жыл бұрын іске қосылған. Сол кезде аталмыш сайттың мамандары iPhone 4-тің антеннасында ақау бар екендігін анықтаған еді. Кейін Аpple компаниясы өз қателігін мойындады.