Отандық жұлдыздармен хабарласқан Sputnik Қазақстан тілшісі әртістердің Жаңа жыл кешінде қанша долларға өнер көрсететінін анықтап білді.

Роза Рымбаева мерекеде өнер көрсететін ең қымбат жұлдыздардың көшін бастады.

Әншіні шақырғандар 8-10 мың доллар ($1 үшін 335 теңге бағамымен 2 680 000 — 3 335 000 теңге) төлеуге әзір болуы тиіс. Бұл сомаға әнші сахнада 30 минут өнер көрсетіп, қонақтармен суретке түседі.

Екінші орынға Қайрат Нұртас жайғасты. Қайрат 7 —10 мың долларға (2 345 000 — 3 335 000 теңге) өнер көрсетеді.

"KeshYou" тобының экс-мүшесі Жанар Дұғалова рейтингте үштікті тұйықтады. Ол бес-алты ән орындағаны үшін 5-10 мың доллар (1 675 000 — 3 335 000 теңге) сұрайды.

Төртінші орынды басы даудан арылмай жүрген әнші Төреғали Төрәлі иеленді. Ол 8 мың долларға (2 680 000 теңге) ән шырқайды.

Үздік бестікті Мақпал Исабекова түйіндеді (5 8 мың доллар немесе 1 675 000 — 2 680 000 теңге).

Ділназ Ахмадиеваны 5-8 мың долларға (1 675 000 — 2 680 000 теңге) тыңдай аласыз

Мәдина Сәдуақасованың гонорары болса 5 мың доллар (1 675 000 теңге). Тағы мың доллар қоссаңыз, әнші кештегі қос жүргізушінің бірі болуға дайын.

Ерке Есмаханның өнері 6 мың доллар (2 000 000 теңге) тұрады.

Әнші Луинаның гонорары 3,5-6 мың доллар (1 200 000 — 2 000 000 теңге) аралығында.

Парвиз Назаровтың өнері 3,5-5 мың долларға (1 172 500 — 1 675 000 теңге) бағаланады.

Айқын Төлепберген 4 мың долларға (1 400 000 теңге) кешті жандыруға дайын.

Әли Оқапов өнері үшін 3,5-4,5 мың доллар (1 200 000 — 1 500 000 теңге) сұрайды.

Ал Кәмшат Жолдыбаева 2,6 мың долларға (900 мың теңге), Маржан Арапбаева 2-4 мың долларға (670 000 — 1 675 000 теңге), KeshYou тобының бұрынғы мүшесі Ақбота Сейтмағамбет 2 мың долларға (670 000 теңге) өнер көрсетеді.