Мәдениет

 Омбы мемлекеттік қызмет көрсету институтының акт залында «Мисс Азия-2016» конкурсының шешуші сыны өтті. Әрбір қатысушы өзіне жүктелген міндетті тамаша атқарып шықты, солайша өз мемлекеттерінің намысын абыроймен қорғады.

Толығырақ...

 Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында дәстүрлі «Театр көктемі – 2016» фестивалі шымылдығын түрді. Өңірдегі танымал 8 театр өнерпаздары сәуірдің 7-сі мен 9-ы аралығында өзара бақ сынасады. Биылғы іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып отыр. Төл мерекесін театр тарландары салтанатты шерумен бастады.

 Фестивальге қатысқан өнер ұжымдарының заты жергілікті болғанмен аты елімізге танымал мәдениет майталмандары. Өнер саңлақтарының қойылымдары республикалық байқауларда да бас бәйгені алып жүр. Сондықтан болар жергілікті билік өкілдерінен бөлек өзге облыстың басшылары да фестивальге арнайы келіп, театр ұжымдарына ақ тілектерін жаудырды

 «Оңтүстік Қазақстан облысының әкіміне, жалпы, оңтүстік жұртына биылғы театр көктемі фестивалін қазақтың дара жазушысы, драматургі Рақымжан Отарбаевқа арнағанына Атырау халқы атынан алғыс айтамыз», - дейді Атырау облысы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан

 Биылғы театр көктемі фестивалі жеңімпаздарына берілетін сый-сыяпат та құнды. Бас жүлдеге «Лада» автокөлігі тігілді. Қазылар алқасы құрамына да мәдениеттің жілігін шағып жүрген танымал тұлғалар шақырылыпты. Олардың қатарында көрші қырғыз елінен Бусурман Одуракаев және белгілі жазушы-драматург Рахымжан Отарбаев, Несіпбек Дəутаев, Мархабат Байғұт, Құлбек Ергөбек, Есмұхан Обаев сынды сұңғыла ойлы азаматтар бар. Ал қазыларға төрағалық етуге Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов арнайы келіпті.

 «Күндей жарқырап мінекей, ұлы мейрамды қарсы алып тұр. Бүгін бір тарихи есте қалатын күн деп есептеймін. Театр мейрамы қуаныш әкеледі. Жаңалық әкеледі. Соны күтеміз. Жақсы спектакль алып келеді. Бұл өңір – театрға оң көзімен қарайтын өңір. Сондықтан бұған, әрқашан қуанышпен келеміз. Әр уақытта жақсылықпен келеміз. Жақсылықтарың мол болсын», - дейді ҚР халық әртісі Асанәлі Әшімов.

 Айта кетейік, оңтүстік театр санынан елімізде Алматыдан кейінгі орында. Оның үстіне оңтүстіктегі өзіндік орны бар өнер ұжымдарының саны ғана емес сапасы да жоғары. Фестиваль өтетін күндері мәдени қойылымдарды тамашалап, рухани байлыққа кенелем деген көрермендерге қаладағы театрлар есігін айқара ашады.

Биыл елімізде бірнеше театр ұлттық мәртебеге ие болады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мәдениет және өнер департаменті директорының орынбасары Нұрболат Ахметжанов айтты.

Толығырақ...

Оңтүстікқазақстандықтар Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесін тойлады. Күнгей тұрғындары мен қонақтарына «Наурызнама» театрландырылған қойылымы ұсынылып, наурыз көже таратылды.

Толығырақ...