ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Жамбыл облысына жұмыс сапары барысына «Нұр Отан» партиясының Жамбылдағы филиалында азаматтарды қабылдауды өткізді.

 Азаматтарды қабылдау «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» жаһандық бәсеке қабілеттілік» Президент жолдауын Жамбыл облысының тұрғындарына түсіндіру шеңберінде өткізілді.

 Азаматтарды қабылдауды өткізу кезінде министрдің атына әр-түрлі тақырыптарда сұрақтар түсті. Азаматтарды әлеуметтік төлемдер (зейнетақы, жәрдемақы), білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласындағы объектілерінің құрылысы, жұмыссыз және жұмыспен қамтылған халыққа әлеуметтік жұмыс орындарын құру сұрақтары қызығушылық тудырды. Сонымен қатар, кіші және орта бизнеске арналған салық салу, кедендік рәсімдерді оңтайландыру бойынша мемлекеттік саясат т.с.с. мәселелер.

 Өтініш білдірген азаматтарға Қаржы министрі сәйкесінше түсінік беріп, тиісті құжаттарды қарастырып және аталған мәселелерді шешу бойынша халыққа алдағы жоспарымен бөлісті.

 Ол 2017 жылы 3 539,9 млрд. теңге немесе жалпы республикалық бюджеттен 41% - ы әлеуметтік салаға келетінін айтты. 2017 жылғы шығыстардың 94% немесе 3 319 млрд. теңге ең төменгі әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етуге, ал бұл жұртшылыққа медициналық көмек көрсету (емхана, станционарлық көмек және тегін дәрімен қамтамасыз ету),орташа және жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі біліммен кадрды дайындау сондай-ақ, олардың біліктілігін арттыру, әлеуметтік нысандар құрылысы және әлеуметтік төлемдерге бағытталатын болады.

 Министр салық және кедендік әкімшілендіру рәсімдерін оңтайландыру, ҚР бизнесті жүргізу үшін жағдайларды жақсарту бойынша үкімет жоспарымен бөлісті.

 Бақыт Сұлтанов қабылдауға келген азаматтарға, Министрдің жеке өзіне, қаржы министрлігінің ресми сайтындағы www.minfin.gov.kz Министрдің блогы арқылы ниет білдірген кез-келген азамат өтініш білдіре алатынын айта кетті.

Эльмира Әбітайқызы Берденова,
Жамбыл облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаменті
Түсіндіру жұмыс басқармасының
бас маманы