Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы» Жарлық

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Мыналар:

Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов ‑ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;

Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов ‑ Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;

Дәурен Әскербекұлы Абаев ‑ Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі;

Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев ‑ Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;

Тамара Босымбекқызы Дүйсенова ‑ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі;

Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек ‑ Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі;

Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов ‑ Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;

Арыстанбек Мұхамедиұлы ‑ Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;

Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев ‑ Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;

Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев ‑ Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 13 қыркүйек

№ 324