Осы аптада Қазақстанның орталық атқарушы және жергілікті органдарында ауыс-түйістер орын алды. ҚазАқпарат апта ішіндегі осы және өзге де кадрлық тағайындауларға шолу жасайды.

 Апта басында Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің өкімімен Берік Жәкенов Астана қаласы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

 Сонымен қатар, Астана қаласы әкімінің өкімімен Асхат Жиенбайұлы Қарағойшин Астана қаласының автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып және Назымбек Әміржанұлы Кенжебаев Астана қаласының жер қатынастары және жерді пайдалануды бақылау басқармасының басшысы болып тағайындалды.

 Екеуінің де мемлекеттік мекемелерде жұмыс істеу тәжірибесі мол: Асхат Қарағойшин 2010 жылдан, Назымбек Кенжебаев 2007 жылдан бастап аталмыш мекеме басшыларының орынбасары болып қызмет еткен.

 Сонымен бірге, осы аптада Қуаныш Серікұлы Берішбаев Ақтау қаласы әкімінің білім беру, мәдениет және әлеуметтік сала бойынша орынбасары болып тағайындалды.

 Апта ортасына қарай Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Қазконтент» АҚ-ның жаңа басшысы болып Шыңғыс Шарапиев тағайындалғанын хабарлады.

 Осы аптада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Әнуар Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.

 Әнуар Ахметжанов 1975 жылы туған. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Джонс Хопкинс университетін тәмамдаған. Соңғы қызметі - Қазақстан резиденті әкімшілігінің инспекторы болған.

 Апта соңында Аян Қажимерұлы Сакошев конкурстық негізде Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы болып тағайындалды.