Мемлекет басшысы үкімет отырысында өзін-өзі қамтыған азаматтар мəселесін көтеріп, онда сөз сөйлеген Тамара Дүйсенованы сынап тастады.

Президент өзін-өзі қамтыған азаматтар мəселесін күні бүгінге дейін шеше алмай келе жатқан еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға шүйлікті.

"Айтшы, Тамара, сен əлде осы жұмыстан шаршадың ба?",-деді мемлекет басшысы.

Ал министр өз кезегінде "соңғы жылдары 1,8 млн адамның өзін-өзі қамтығандар санатына енгізілгенін, олардың 500 мыңы жалдамалы жұмысқа орналасқанын" айтып ақталды.

" Осыны менің сұрап жүргеніме 5 жыл болды",-деді елбасы.