Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова өз қызметінен босатылды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылды", - делінген ресми хабарламада.
Дүйсенованың орнына Мадина Әбілқасымова келді.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындалды", - деп жазылған Ақорда хабарламасында.