Алматы қаласына Берік Жүйріктаев прокурор болып тағайындалды деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Берік Жүйріктаев 2016 жылдан бастап облыс прокуроры лауазымына президент резервінде болған.

Алматы қаласының жаңа прокуроры Берік Жүйріктаев 1978 жылы туған. 1999 жылдан бастап прокуратура саласында қызмет етіп келеді.

Алматы және Алматы облысы прокуратурасының басшысы қызметімен қоса, әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2010 жылдан бастап 2013 жылға дейін Алматы қаласы прокурорының орынбасары және Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары болды.

2013 жылдың қазан айынан бастап Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары.

Еске салайық, Алматы қаласының бұрынғы прокуроры Ғабит Миразов 31 қаңтардан бастап қызметінен босатылған.