Қытайда жыл сайын өтетін "Бокс королі" чемпионатында шынжаңдық қазақ боксшысы жеңімпаз атанды.

Хаңжоу қаласында 75 келіге дейінгі салмақта өткен жекпе-жекте Тоқтарбек Таңатқан осы доданың чемпионы Уын Инхаңды тізе бүктіріп, "король" чемпиондық белдігін жеңіп алған.

Шетелдік басылымның жазуынша, Тоқтарбектің бұл жолғы қарсыласы осы турнирдің екі мәрте "Қытайдың бокс королі" атанған - Уын Инхаң.