Испаниялық "Барселонаның" шабуылшысы Лионель Месси мюнхендік "Бавария" сапында өнер көрсеткен Герд Мюллердің рекордын жаңартты. Ол бір клуб үшін өнер көрсетіп, еуропаның ең үздік бес жарысында көп гол салған футболшы атанды.

14 қаңтарда аргентиналық футболшы Испания чемпионатында "Реал Соседад" қақпасына гол салды. Бұл ойын 30 жастағы футболшы үшін "Барселона" құрамында осы турнирдегі өткізген 401-ші ойыны және 366-шы голы. 1964-1979 жылдары "Баварияның" намысын қорғаған Мюллердің есебінде Германия чемпионатында - 365 гол (427 ойын).

Желтоқсанда Месси Мюллерді барлық жарыстың қорытындысы бойынша Мюллердің рекордын жаңартқан еді (526 гол).

Месси 2004 жылдан бері "Барселона" сапында өнер көрсетіп келеді. Ол бес рет "Алтын допты" алды, төрт рет Испаниядағы ең үздік сұрмерген атанды және клуб пен турнир тарихындағы ең үздік сұрмерген атағын иеленді.