Алматылық "Қайрат" командасына ресейлік "Амкар" клубының норвегиялық жартылай қорғаушысы Чума Анене ауысады деп хабарлайды "Спорт-Экспресс".

Басылымының жазуынша, "Амкар" мен "Қайрат" 23 жастағы футболшының трансфері жайлы бір келісімге келген. Алматылық клуб Чума Анене үшін бір миллион еуро төлемек.

Айта кетейік, тегі нигериялық футболшы Норвегияда дүниеге келген. Футболдағы кәсіпқой мансабын 2011 жылы бастап, елінде "Волеренгу", "Улл/Кису", "Стабек", Македонияда "Работнички" командаларының намысын қорғаған.

Сондай-ақ, Норвегияның жасөспірімдер және жастар құрамаларында өнер көрсеткен.