Билік пен бұқара арасындағы байланысты және еліміздің саяси-экономикалық саясатын, кіріс заңдылығын насихаттап, әрдайым көпшіліктің назарына ұсынып жүрген республикалық басылым «САЛЫҚ ТӘРТІБІ» газеті 1994 жылғы наурыз айынан бастап шығады.

Басылым өзінің 22 жылғы ғұмырында Сот, Прокуратура, Кеден, ІІД және Мемлекеттік кіріс органдарымен тығыз байланыста қызмет атқарып, олармен алдағы уақытта да әріптестік орнатуды жаңа деңгейге көтеруді көздеп келеді.

DSC 3741 Басылым Республикамыздың әр тарапына тарайды. Басылым барлық өңірлердің тыныс-тіршілігін, инвестициялық және кәсіпкерлік дамуын, инфра құрылым мәселелерін халықтың назарынан тыс қалдырған емес. Мемлекеттік кіріс заңдылығын насихаттау, оны жұртшылықтың кеңінен түсінуіне, салық және кеден қағидаларының уақыттылы орындалуына тигізетін ықпалы зор. Әсіресе салық саясатын тікелей насихаттайтын халықтың көзімен құлағы болып табылатын бірден бір басылым осы «САЛЫҚ ТӘРТІБІ» газеті.

Сондай-ақ, әдебиет және өнер саласына қалам тербеген, танымал қаламгерлердің шығармаларын басып шығару «Салық тәртібі» редакциясы баспасының басты мақсаты. Сондықтан, облыс аумағында қалам жүзінде еңбек етіп, ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген азаматтарды, ақын-жазушылардың шығармаларын жарыққа шығарып, өзіндік үлесін қосып жүр.

Басылымды ширек ғасырға жуық ғұмырында оны бірнеше басшы құрамы басқарды. Алғашқы тәй-тәй басқан қадамынан бастап, 15 жылға дейінгі уақыт аралығында газеттің бас редакторы қызметін Ғалым Иенбергенұлы Қасабай басқарды. Білікті, білімді баспа, газет безендіру ісінің шебері, қарымды журналист «САЛЫҚ ТӘРТІБІ» газетін биік белеске көтерген алғашқы басшы. Ол басылымды республика жұртшылығы танитын, оқырмандары іздеп жүріп оқитын салмақты жарияланым дәрежесіне жеткізді. Одан кейін бас редакторы қызметі тізгінін ұстаған Гүлмира Махамбетқызы Тәжиева болды.

Сол тұста басылымның таралым деңгейі өсіп, ауқымы кеңейді. Меншікті тілшілер қосыны республиканың әр аумағында ашылып, өрісі ұзарды. Жантелі Оспанұлы Омаров одан кейінгі бас редактордың міндетін атқарған журналист. Ол өз кезегінде газеттің қыры мен сырын шебер меңгерген бас редакторлардың бірі. Мұнда қаламы қарымды журналистер қауымы да өсіп шықты. Айтсақ, Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің түлектері Алдаберген Лесбай, Бота Қасабай, Тұрсынбек Сұлтанбаев, Гүлмира Наурызбаевалар осы газетте шеберліктерін шыңдап, қаламдары ұштала түсті.

Осындай жауапты істі абыроймен атқарып жүрген ұжымның да ауыз бірлігі, ынтымағы берік. Мұнда өз ісінің мамандары жеткілікті. Олар өз шеберліктерін жетілдіру мақсатында еңбек етеді. Сондықтан, «САЛЫҚ ТӘРТІБІ» газеті редакциясының алдағы күндері үлкен белестерден көрініп, асулардан аса беретіні даусыз. Өйткені, өмір қашанда алға жылжуды талап етеді. Ілгері басу тек ісіңнің ірілігін көрсетеді.